Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Абылайхан атындағы №2 жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Т.Кыдырбаева сөз алды. Семинар барысында Әдіскер «Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі» тақырыбындағы баяндаманы жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сыныптардағы педагог-шебер ұстаздар; О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Жаманкулова Гулжан, С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Алденова Салима, С.Айни атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Асланова Ойша , Болашақ жалпы орта мектебінің мұғалімі Алимбаева Шолпан, Мақтарал мектеп-гимназиясының мұғалімі Давранова Тоғайгул өз тәжірибелерін ортаға салды.
Семинарға келген педагогтар кері байланыс беріп, өз алғыстарын айтты.
ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ-ОРТАҚ ІС