ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің келісімімен Түркістан облысының мемлекеттік шекара сызығының жүз метрлік белдеуіне түсіп отырған жерлерге қатысты өзекті мәселелерді шешудің іс-шара жоспары бекітілген болатын.
   Аталған жоспарға сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков бастаған аудан әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер бойынша үйлестіру кеңесінің мүшелері Мақтаарал ауданындағы шекара маңында орналасқан 8 елдімекенде жиналыс өткізді.
   Әрбір елдімекенде өткен жиын барысында тұрғындар арасында шекара қауіпсіздігінің ережелері кеңінен түсіндіріліп, елдімекендерде шекара қауіпсіздігіне көмектесетін «Еріктілер» тобын құру мәселесі айқындалды. Оның ішінде еріктілер сол елдімекендерде тұратын абыз ақсақалдар мен белсенді жастардан құралатындығы айтылды.
    Жалпы жоспар бойынша шекара маңындағы халық тығыз орналасқан елдімекендерде бейне-бақылау камераларын орнату механизмдері жөнінде де түсіндірілді. Сонымен қатар, шекара сызығы бойындағы 100 метрлік белдеуде орналасқан егістік жерлер мен жекен меншік объектілерді мемлекет мұқтажына қайтару мәселесі де сөз болды.

Айта кетейік, Достық ауылдық округінде орналасқан Қалшораев елдімекені, Нұрлыбаев ауылдық округінде орналасқан Өркен және Қарақыр елдімекендері, Жаңажол ауылдық округінде орналасқан Нұрлыжол елдімекені, Еңбекші ауылдық округінде орналасқан Шұғыла елдімекені, Иіржар ауылдық округіне қарасты Диқан елдімекені, Бірлік ауылдық округіне қарасты Қоңырат елдімекені, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Көкпарсай елдімекені, Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Жұлдыз елдімекенінде өткен жиналыстарда тұрғындар тарапынан коммуналдық мәселелер мен ағын су, тік дренаждардың мәселесі айтылды.

 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
МАҚТААРАЛДА ШЕКАРА МАҢЫНДА ОРНАЛАСҚАН ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған