Бауыржан Дәулетханұлы Жанаев «Жетісай ауданының құрметті азаматы» атанды!
1982 жылы Мақтаарал ауданы Қызылқұм ауылында дүниеге келген Бауыржан, Қазақ гуманитарлық заң университетінің түлегі, еңбек жолын 2004 жылы Шымкент қаласында тергеуші лауазымынан бастаған. 2007-2011 жылдардың аралығында облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасында қызмет атқарса, 2011 жылы Мақтаарал аудандық ІІБ криминалдық полиция бөліміне басшылық жасаған. 2012-2014 жылдары осы аудандағы басқарма бастығының бірінші орынбасары, 2014 жылы облыстық Есірткіге қарсы күрес басқармасының Оңтүстік бөлімінің басшысы, 2017 жылы Сайрам АПБ бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Кейіннен Мақтаарал, Түркістан полиция басқарма, бөлімдерінде басшылық жасайды.
Бүгінде жас болса да, жұмыс тәжірибесі мол полиция подполковнигі Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшысы лауазымында. Ол өзінің әр аймақта басшылық қызметтерде болып, халықтың мұң мұқтажын түсінетін, антына адал полицей екендігін іспен көрсетіп келеді. Оның әріптестері арасында абыройы асқақ, алға қойған жоспарлары айқын. Әлеуметтік желіде де тұрғындар тарапынан түскен сауалдар мен мәселелерге дер кезінде мән беріп, кері байланысты ұстанып келеді.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Бауыржан Дәулетханұлының аудан халқы тарапынан марапатқа лайық екені ескеріліп, мадақталып жатқанына қуаныштымыз. Еңбегіңіз әркез ел алдында елене берсін дейміз!!! МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!