Абай облысы, Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі аясында қазақ күресінен «ASSYL ARLAN» республикалық турнир өтті.

Бозкілемге көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары бақ сынады. Олардың ішінде әр жылдары ауыр және аса ауыр салмақта «Өгіз балуан» және «Түйе балуан» атанған еліміздің 80-нен аса айтулы балуандары бар.

Осы респуьликалық турнирдің “Түйе балуаны” болып жергілікті Абай облысының тумася Ерасыл Қажыбаев атанды. Финалда ол жерлесі Даурен Нуралинов жанбас әдісімен ұтып басым түсті. Жүлделі үшінші орынды Түркістан облысынан келген Қайсар Шамшадинов пен Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов иеленді.

«Түйе балуан» жеңімпазы су жаңа актокөлікке ие болды. Екінші орындағы спортшыға төрт миллион тенге беріпсе, үшін орын иегерлері екі миллион теңгеден алды. «Өгіз балуанда» жеңісті бірінші орынды тағыда жергілікті Абай облысының спортшысы – Дидар Тұқышев – қанжығасына майлады. Финалда ол Жетісу облысынан келген балуан Рауан Алтынбектен мықтырақ болды.

Айта кетейік, Рауан Алтынбек күрес барысында жарақат алып сайысты жалғастыра алмай, техниқалық жеңіліс тапты. Жүлделі үшінші орынды Жамбыл облысының спортшысы Ернұр Сүлеймен мен Армия орталық спорт клубынан (ЦСКА) келген Ибрагим Нұрмаханұлы иеленді. “Өгіз балуан” атанған спортшыға 5 миллион теңге бұйырды. Екінші орын иегеріне 3 миллион берілсе, үшін орын алғандар 1 миллион тенгеден алды.

«Атам заманнан қазақ пен көкбөріні егіз ұғым деп жатады. Жалпы қазақта қасқыр атаулыға құрмет ерекше. Қасқыр-асыл жануар. Арлан қасқырдың еркегі, мықтылықты, күштілікті, рухты білдіреді. Арлан деген есім қазір балаларға да беріліп жүр. Бір жағынан ASSYLTAS қоғамдық қоры бас демеуші болғаннан соң, «ASSYL ARLAN» деген атау қойдық», – деп ұйымдастырушылар турнирдің ерекше атауын түсіндіріп берді.

Қазақ күресінен ASSYL ARLAN турнирінің жеңімпаздары анықталды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған