АЭС салудың Қазақстанда ғылымның дамуына қосатын үлесі қандай деген мәселеге келсек, атом энергетикасы – энергия өндірудің бүкіл тізбегіне негізделген ғылыми көзқарасты қажет ететін жоғары технологиялық сала. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом энергетикасында көш бастап тұру озық ғылыми-техникалық әзірлемелердің арқасында қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты Қазақстанда АЭС салынуы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында, сондай-ақ экономика, экология, әлеуметтік ғылымдар және т.б. салаларда ғылымның қарқынды дамуына түрткі болады деп санаймын. Атом энергетикасының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру, ядролық, радиациялық технологиялар мен материалдар, пайдаланылған ядролық отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радиациялық, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны мониторингілеу салаларындағы зерттеулер ерекше өзекті болатыны күмәнсіз.
Аманжол ЕРКЕЕВ,
Жетісай ауданы.