2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысы, Ақсуат ауданындаTAS Group қаржы компаниясының демеушілігімен 135 шақырымдық аламан бәйге өтеді. Бұл бәйге биыл Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында ұйымдастырылмақ.

Бәйгеге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистерінен сәйгүліктер қатысады. 135 шақырымдық аламан бәйгенің жеңімпазына шетелдік автокөлік сыйға беріледі. Сондай-ақ үздік жетілікке кірген қатысушыларға да қомақты қаржылай сыйлық үлестіріледі. Бұл бәйге «Асыл бесік-Ақсуат» өнер және спорт фестивалі аясында өтеді.

Сондай-ақ, осы күні 25 шақырымдық аламан бәйге мен 15 шақырымдық топ бәйге өтеді. Бұл қашықтықта да оза шапқандар темір тұлпарды тізгіндейді.

БАРЛЫҚ ОБЛЫСТАР МЕН МЕГАПОЛИСТЕРДЕН СӘЙГҮЛІКТЕР ҚАТЫСАДЫ!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған