Мақтаарал ауданы «Мақтаарал» мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамына арналған салтанатты кеш өтті. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады.
«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған. Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн. Халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған. Қазақтың жаңа жылында әрбір ұжым, ауданымыздың әрбір тұрғыны жақсы істің басынан табылып, елімізде іске асып жатқан ұлы істерге, өзгерістерге өз үлесін қоса береді деп сенім білдіремін. Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға береке мен бірлік, елімізге ырыс пен ынтымақ, тыныштық пен жақсылық әкелсін!» – деді Бақыт Насырханұлы.
Салтанатты жиын барысында ауданның құрметті азаматы, ардагер Нұрғали Тұрашев және аудандық әжелер алқасының төрайымы Шахзада Құрбанбаевалар сөзге шығып, Наурыз мерекесімен аудан жұртшылығын құттықтады. Сондай-ақ, ардагерлер аталған мейрамның тарихы жөнінде кеңінен баяндап берді. Салтанатты кештің соңы «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, қазіргі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілмейді. Дегенмен, жер жерлерде, елдімекендерде мерекеге байланысты түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланған.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
АУДАН ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған