Астана қаласындағы №55 мектеп…
Бұл мектеп мен үшін жай ғана білім ордасы емес.Бұл-балалық шағым,алғашқы арманым,алғашқы қадамым,ұстаздық жолым,өмірімнің ең қымбат естеліктері қалған алтын ұям…
2006 жылы алғаш есігі ашылған мектебіме оқушы болдым…Ал 2007 жылы осы мектептің ең алғашқы түлектерінің бірі емес,алғашқы түлегі болып бітіріп шықтым.
Мектеп қабырғасында жүрген кезімде сабақты жақсы оқып,мектеп президенті болдым.Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араластым.Сыныбымның старостасы болып,ұстаздарыма көмектесіп,тіпті кей кездері мұғалімнің орнына оқушылардың күнделіктеріне бағаларын қойып жүретінмін.Сол кездегі ұстазым Сәндігүл Жунисалиевна мені әзілдеп, ”дипломсыз мұғалім” деп атайтын.Мүмкін,сол сөздің өзі менің болашақ тағдырымды айқындаған шығар…
Ұстаздарымның еңбегіне қарап,ұстаздық мамандықты таңдадым.Балалық арманым орындалып, жылдар өткен соң өзім білім алған мектебіме ұстаз болып қайта оралдым…
Ең бір ерекше сезім-кезінде өзіме сабақ берген аяулы ұстаздарыммен бірге қызмет етіп,әріптес атану еді…
#55 мектепте менің еңбек жолым да, өмір жолым да қалыптасты.Осы мектепте жас маман болып қызметімді бастап,білімімді жетілдіріп, білікті маман болып қалыптастым. Мектептің түрлі саласында еңбек етіп, тәжірибе жинақтадым. Мектеп директоры Рахимберлина Дидар Алимовнамен бірге қызмет атқарып, көп нәрсе үйрендім. Әкімшілік қызметке дейін көтеріліп, директордың орынбасары болып еңбек еттім….
Бүгінде сол мектепке оқушы болып кірген мен:
— 3 баланың анасымын;
— 15 жыл тәжірибесі бар екі мамандық иесімін;
— бастауыш сынып мұғалімі,педагог-зерттеушімін;
— қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,педагог-модератормын;
— педагогика ғылымдарының магистрімін;
— “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгі иегерімін;
— директордың үшінші санатты орынбасары қызметіне дейін өскен маманмын.
Осының барлығына жетуіме себеп болған жандардың бірі де бірігейі — менің аяулы ұстаздарым…
Ұстаздарымның берген білімі,айтқан ақылы,көрсеткен өнегесі мені осы күнге жеткізді. Бір кездері сол мектепте шәкірт болып отырып,бүгін сол мектептің дамуына өз үлесімді қосқаныма шүкіршілік етемін.
“Бір қолыммен бесікті,екінші қолыммен әлемді тербеттім” десем де артық емес.Ана бола жүріп, мамандықты қатар алып жүру, жұмысыма уақытылы барып, күні-түні тынбай еңбек ету — менің өмір жолымның бір бөлігі.
№55 мектебім мен үшін әрқашан құтты мекен болып қала береді. Мектеп дәліздерімен жүрсем, балалық шағым көз алдыма келеді. Бір кездері оқушы болып жүрген кездерім, сыныптастарым, алғашқы ұстаздарым, алғашқы жетістіктерім — бәрі-бәрі жүрегімде сақтаулы. Міне, содан бері 20 жыл өте шығыпты…
Осы 20 жыл ішінде мектебім қаншама шәкіртті тәрбиелеп, қаншама биіктерді бағындырды. Жыл өткен сайын жаңарып,көркейіп, заман талабына сай дами түсті. Мен үшін оның әр жетістігі — өз жетістігімдей өте қымбат…🥺🥺🥺
Мен №55 мектептің ең алғашқы түлегі ретінде бұл мектептің тарихының бір бөлшегі болғанымды мақтан тұтамын. Ал мектебіме қайта оралып,шәкірттен ұстазға, ұстаздан басшылыққа дейінгі жолды осы қара шаңырақта өткергенім — мен үшін үлкен мәртебе…
Осы жолда маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен мектеп директоры Рахимберлина Дидар Алимовнаға, бірге қызмет еткен әкімшілікке, барша ұстаздарыма шын жүрегімнен алғыс айтамын.
Маған білім берген мектебім — маман етіп қалыптастырды. Маған бағыт берген ұстаздарым — өмір жолымды айқындады. Ал туған мектебім — жүрегімде мәңгі қалатын алтын ұям болды.
Алтын ұям — №55 мектебім, саған айтар алғысым шексіз!
Түлектеріңіз көп болсын, шәкірттеріңіз биіктен көрінсін!
Ұстаздарымның абыройы асқақтай берсін!
Жайқала бер, жаңара бер, көркейе бер, құтты мектебім — №55!
20 жылдық тарихымның ең қымбат беттерін сыйлаған алтын ұяма мың алғыс!
Айта кетейін, қазір Астана қаласы №103 жалпы орта білім беретін мектебі директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары қызметінде отырмын.
Авторы:
№55 мектептің алғашқы түлегі Демеуова Лаура Жумабековна
