Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Амантай мемлекеттік қызметшілерге жиналыс өткізді. Жиынға қала, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары және аудан әкімі аппаратының қызметшілері мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы және жұмыс барысындағы әдеп нормаларын сақтау керек екендігі жөнінде айтылды.
Ескерте кетсек, Шардара ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды күнделікті жұмыс күндері қабылдайды.
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ