Құрметті шардаралықтар!
Баршаңызды жер-дүниені жаңартып, көктемді ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
   Наурыз – ежелгі дәстүр бойынша жаңа жылдың бастауы ғана емес, сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңаруы.
Дастарханға ақ толатын, халқымызға бақ қонатын бүгінгі мерейлі шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Күнмен түннің теңелуіне тура келген Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған айтулы күн.
  Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн. Ежелден Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін сүйікті мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды. Бұл мереке – біздің ұлттық рухымызды көтеретін, салт – дәстүрімізді жаңғыртатын айтулы мейрам. Ғасырлар тереңінен бізге келіп жеткен Әз Наурыз бүкіл түркі халқының ұлық мерекесі.
   Кез келген мемлекеттің басты құндылығы – оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік Елден асқан мақсат жоқ! Осы жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап, әлемдегі ең ірі дамыған елдер қатарына кіру жолында бар күш-жігерімізді аямайық!
Мәңгілік Еліміз жасарып, жаңара берсін!
Құрметті жерлестер!
   Сіздерді тағы да осынау шат-шадыман Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, жақсылық тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!
Құрметпен,
Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай!
Нурыз құтты болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған