Қазақстан Республикасында заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда тәртіп қағидаларын орнықтыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен Тәртіп» идеологиясы өскелең ұрпақтың бойына заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау, жауапкершілік пен адалдық қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Осындай бағыттағы жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес Жетісай ауданының білім бөлімінің «Мерей» бөбекжай бақшасы» МКҚК-да бастау алып, балалардың жас ерекшелігіне сай мазмұнда ұйымдастырылуда.

     Біздің бөбекжай бақшада «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерлету мақсатында жыл бойы кешенді жоспар негізінде түрлі тәрбиелік, танымдық және профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Барлық жұмыстар балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

    Балабақшада әр топта «Менің құқықтарым», «Менің міндеттерім», «Қауіпсіз балалық шақ», «Адалдық бұрышы», «Әр ойыншықтың өз орны бар», «Бірге ойнаймыз» тақырыптарында ақпараттық бұрыштар безендірілді. Көрнекіліктер арқылы балаларға өз құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері таныстырылды.

      Педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында құқықтық тәрбиені ойын технологиялары арқылы жүзеге асырды. «Тәртіп пен ұқыптылық», «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы», «Бағдаршам бізге дос», «Қауіпсіз жол», «Мен тәртіпті баламын» тақырыптарында әңгімелер, рөлдік ойындар, жағдаяттық тапсырмалар, викториналар өткізілді. Балалар жол қозғалысы ережелерімен танысып, көшеде, үйде және балабақшада қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын меңгерді.

     «Адалдық дүкені» акциясын ұйымдастыру барысында «Әділдік, Заң және Тәртіп», «Неліктен әділ болу маңызды?», «Әділ болу – дұрыс дегенді білдіреді», «Кіші жастан бастап киберқауіпсіздік»  тақырыптарында ойын жағдайаттары ұйымдастырылып, адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбексүйгіштік сияқты құндылықтардың маңызы түсіндірілді. Балалар ертегілер мен тәрбиелік әңгімелер арқылы жақсы мен жаманды ажыратып, өз әрекетіне жауапкершілікпен қараудың мәнін ұғынды.

      Балабақшада құқық қорғау органдарының мамандарымен, жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен «Біріңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясына «Өрттен сақтан» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мамандар балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын көрсетті. Бұл кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

      Ата-аналармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. «Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» аясында «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ», «Баланың құқықтары мен ата-ананың жауапкершілігі», «Отбасындағы тәртіп – қоғамдағы тәртіптің негізі» тақырыптарында жиналыстар, семинарлар, кеңестер және ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы жөнінде әдістемелік жадынамалар мен ұсыныстар таратылды.

    Сонымен қатар балалар арасында «Менің әкем полиция қызметкері» тақырыбында сурет көрмелері, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылып, олардың барлығы тәртіпке бағыну, достық, сыйластық, әділдік және заңды құрметтеу идеяларын насихаттады.

    Педагогтер арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» тақырыбында кеңес, әдістемелік сағаттар, дөңгелек үстелдер, тәжірибе алмасу кездесулері өткізілді. Онда балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және педагогикалық әдеп мәселелері талқыланды.

     Балабақша ұжымы қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру бағытында бейнебақылау жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, өрт қауіпсіздігі, санитарлық талаптар және еңбек қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын тұрақты бақылауда ұстады. Эвакуациялық оқу-жаттығулар өткізіліп, балалар мен қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдары пысықталды.

     Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде тәрбиеленушілердің құқықтық түсінігі кеңейіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзара сыйластық, жауапкершілік, қауіпсіздік мәдениеті және заңға құрмет сезімі қалыптаса түсті. Ата-аналар мен педагогтердің ынтымақтастығы нығайып, балаларды адалдыққа, әділдікке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуде оң нәтижелерге қол жеткізілді.

       Қорытындылай келе, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын мектепке дейінгі ұйымдарда жүйелі түрде жүзеге асыру – болашақта заңды құрметтейтін, жауапты әрі саналы азамат тәрбиелеудің берік негізі. Балабақшада ұйымдастырылған әрбір іс-шара бала жүрегіне тәртіптің, әділдіктің және адалдықтың құндылығын сіңіріп, ел болашағының жарқын қалыптасуына өз үлесін қосады.

Аблаева Гульнара Алимовна

Жетісай ауданының білім бөлімінің

«Мерей» бөбекжай бақшасы» МКҚК-ның меңгерушісі

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ИДЕОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

mrking mrking giriş kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres mrking mrking giriş