Құрметті Жетісай ауданың жылыжай шаруашылығымен айналысатын азаматтары!

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың IV-тоқсанына жылыжай шаруашылықтарын субсидиялау жұмыстары басталғандығын назарларыңызға жеткіземіз. Өтінім жіберу «gosagro.kz» электронды порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылған қағида талаптарына сәйкес, жылыжай шаруашылығына субсидия алу үшін, жылыжай алқаптарын сертификаттаудан өткізуі тиіс. Тиісті құжаттарды жинақтап өз аумақтарыңызда орналасқан ауылдық округ әкімшілігінің жауапты мамандарына жүгінулеріңізге болады. Егер сіздерде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары маманына хабарласуға болады. Зекен Ерасыл 87079697495

Сертификаттау жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей қажетті құжаттар қажет:

1) Жылыжайдың Мемлекеттік актсі

2) Техникалық паспорт

3) Куәлік (жеке кәсіпкер немесе шаура қожалық)

4) Банктік есеп счеттары.

ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН СУБСИДИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған