Қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықтың сақталуына айрықша мән беріп келе жатқан Қазақстан елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың маңыздылығын өзге елдерге де дәлелдеп берді.
  Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан елімізде тыныштық пен бейбітшіліктің бастауы болған ел Тәуелсіздігі мен ҚР Ассамблеясының құрылғанына 26 жыл толуына орай Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бірлігі бекем ел мықты» ұранымен спорттың кіші футбол түрінен жарыс болып өтті.
  Жетісай қаласындағы «Алпамыс батыр» атындағы жалпы орта мектебінде аудандағы аралас тілді мектеп оқушылары арасында өткен теңбіл доп шеберлерінің жарысына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Аширбай Тасов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков , Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің дене шынықтыру пәні бойынша әдіскері Аязхан Елемесов пен Түркістан облысы Қоғамдық Даму Басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Құрманбек Рысмаханов қатысты.
  «Жүргізілген мемлекеттік саясаттағы елдік ұстанымға сай, қазақ жерін мекен еткен барлық этностар арасында достық қатынас орнатылып, олардың ауызбіршілікте өмір сүрулеріне және әртүрлі діндер арасында өзара түсіністіктің орнауына барынша жағдай жасалған. Соның нәтижесінде, бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқан. Бұл қазақстандық үлгінің астарында «алуан түрлілік арқылы тұтастыққа» деген халқымызды біртұтастыққа шақырушы ұстаным жатыр» деген аудан әкімінің орынбасары Әшірбай Тасов қатысушыларды айтулы мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі.
  Бірнеше ұлттың өкілдері тұратын аудан жастарының арасында достық қарым-қатынасты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен жарыста аудандағы 13 аралас мектептерден құралған 12 командада 100-ге жуық оқушы бақ сынасты.
   Қызықты да тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы орта мектебінің ойыншылары иеленсе, ІІ орын С.Сейфуллин атындағы №52 жалпы орта мектебінің құрама командасына бұйырды. Ал, жүлделі І орынды Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы командасының теңбіл доп шеберлері қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, ерекше ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген А.Рудаки атындағы №23 жалпы орта мектебінің, Ю.Гагарин атындағы №53 жалпы орта мектебінің және Қ.А.Яссауи атындағы №22 жалпы орта мектебінің ойыншыларын ерекше айтып өтпеске болмас.
   Турнир соңында барлық жүлдегер командалар ұйымдастырушылардың кубоктары мен медальдарына, арнайы дипломдарына ие болса, әдемі ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншылар бағалы сыйлықтармен, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Показать перевод
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН АРАЛАС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған