Біз «волонтер» деген сөзді жиі естіп жүрміз. Біз ол туралы жаңалықтардан, әлеуметтік желілерден оқып, адамдар арасындағы әңгімелерден «мен волонтермын», «ертең волонтерлікпен барамын…», «2020 жыл – Волонтерлер жылы болып хабарланды», «пандемия жағдайында әлем бойынша волонтерлер бірігуде…» және т.б. естіп жүрміз. Дегенмен де, волонтерлік тақырыбын әлі күнге дейін түбегейлі түсінбей жүрген адамдар бар. Сол жайында және оның түрлері туралы төменде қысқаша айтып кетеміз.

Волонтерліктің пайдасы неде?

ҚОҒАМ ҮШІН ПАЙДАЛЫ:
• Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек
• Экологиялық жағдайдың жақсаруы
• Қиын жағдайларда халықты қолдау
• Жануарларға көмек
• Әлеуметтік қиын мәселелерде.

ВОЛОНТЕРЛЕР НЕМЕН АЙНАЛЫСАДЫ?
Еріктілердің қызмет шегі өте кең . Әр адам қызығушылығы мен қабілеттері бойынша өзінің шұғылданатын ісін табатыны сөзсіз. Еріктілер өздерін келесі 15 бағыттың кез-келгенінде жүзеге асыра алады:

 ӘЛЕУМЕТТІК ВОЛОНТЕРЛІК
Әлеуметтік волонтерлік — бұл әлеуметтік көмек көрсетуге, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге қатысу, қарттарға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектер үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және халықтың басқа да санаттарын әлеуметтік бейімдеу, ықпалдастыру және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу. Бұл ерікті көмектің ең танымал бағыттарының бірі.
 ОҚИҒАЛЫҚ (ЖАҒДАЙЛЫҚ) ВОЛОНТЕРЛІК
Оқиғалық еріктілік — оны еvent-волонтерлік деп жиі атайды. Оқиғалық волонтерлік ең ауқымды бағыттардың бірі болып табылады, өйткені ол еріктілік қызметтің бірнеше бағыттарын қамтиды. Волонтерлік лагерьлердің қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, археологиялық қазба жұмыстарына, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, кемтар балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе конгресстік-көрмелік қызметіне қатысу бағыттары бойынша жүзеге асады.

 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАҒЫ ВОЛОНТЕРЛІК
Дүлей зілзалалардың, экологиялық, техногендік және басқа да апаттардың, әлеуметтік жанжалдардың, жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтың құрбандарына, босқындарға және мәжбүрлі қоныс аударушыларға, сондай-ақ бөгде адамның көмегіне және қолдауына мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге
қатысу; орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға жәрдемдесу; хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге қатысу. Сондай-ақ, медициналық еріктілер сияқты өте тар және ерекше бағыт. Дәл осы бағытта ересек жастағы еріктілерді жиі кездестіруге болады, өйткені бұл сала ерекше және қауіпті. Әрине, егер кез-келген стихиялық жағдайда біреу көмектесетін болса, оған ешкім «кет, сен дұрыс білмейсің!» деп айтпайды, дегенмен де мамандарға осы функционалда қандай да бір білімі мен тәжірибесі бар еріктілердің көмектескені жақсырақ. Өйткені волонтерлік қызмет қағидаттарының бірі — «Зиян келтірмеу».

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК
Халықаралық еріктілік жеке бағыт ретінде қарастырылады, дегенмен, бұл жоғарыда аталған бағыттардың кез-келгенінде жүзеге асырылуы мүмкін еріктіліктің жеке түрі.
Халықаралық волонтерлік еріктінің халықаралық бағдарламаларға немесе жобаларға қатысуын немесе басқа елдердің бағдарламалары мен жобаларына қатысуын білдіреді. Халықаралық еріктілік жасына, әлеуметтік жағдайына, біліміне, байлығына және т.б. жағынан барлығына бірдей қол жетімді. Бұл елді іштей зерттеудің, тәжірибені басқа елдердің тәжірибелерімен толықтырудың, шет тілін жетілдірудің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдармен жақсы уақыт өткізудің таптырма мүмкіндігі.
Халықаралық волонтерліктен не ала аласыз?
• Бюджеттік Саяхаттау
• Туризмнің Балама Нұсқасы
• Мәдениетаралық Тәжірибе Алмасу
• Тілдік Практика
• Кәсіби Тәжірибе
Халықаралық волонтерліктің негізгі идеясы — интернационалдық алмасу арқылы бейбітшілік пен ұлттық төзімділік идеяларын тарату үшін ортақ мүдделері бар әртүрлі елдердің адамдарын біріктіру.

ВОЛОНТЕРЛІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖАЙЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған