Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін квазимемлекеттік сектор қызметіне енгізу мәселесі бойынша өңір кәсіпкерлері мен квазисектор өкілдеріне семинар-тренинг ұйымдастырылды.
  Шараның негізгі мақсаты – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Түркістан өңірінде квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында ұжымдық адалдық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі басымдықтары талқыланған семинарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Түркістан облыстық филиал директоры Жанат Момынқұлов, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының басшылары мен бейнебайланыс арқылы қала/аудандардан 60-қа жуық кәсіпкерлер қатысты.
  Оқыту семинарында сөз алған Мирас Асқарбайұлы біздің ұстанымымыз – квазимемлекеттік сектордың барлық ұйымдарында комплаенс бөлімшелерін құру арқылы бизнес ортада туындайтын құқық бұзушылықтардың алдын алу екендігін және компания басшылығы үшін комплаенс-қызметтер институтын қалыптастыру басым бағыттардың бірі болуы тиіс екендігін жеткізді.
  Екі сағатқа созылған тренинг барысында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы Айбек Қабылдин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және комплаенс қызметін енгізу» тақырыбы аясында толымды ақпаратымен бөлісіп, комплаенс қызметін енгізудегі негізгі ерекшеліктерге тоқталды.
  Сондай-ақ, Академия филиалының аға оқытушысы Досанов Нұрбай «Парасаттылық мәдениеті» тақырыбында дәріс оқып, парасаттылық ұғымы және қарым-қатынастағы парасаттылық мәдениеті бойынша кең көлемде мәлімет берді.
    Шара соңында жиынға қатысушылар тақырып аясында толғантқан бірқатар сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.
ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛЕАНС ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған