«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНА КОНКУРС БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды.

2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.

Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар 6 бағыт бойынша беріледі:

«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

«Волонтерлік» –  өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2024 жылғы 05 тамыз бен 06 қазан аралығында t.urpaktary 2024@mail.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;

3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНА КОНКУРС БАСТАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған