Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай «El umiti» бастамасын іске асыру аясында елімізде талантты жастарды қолдауға бағытталған “Елбасы медалі” бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегерін Зарина Бекжанқызын қабылдады.
  «Елбасы Медалі» жобасының мақсаты – әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау болып табылады. Бағдарламаға әрбір қатысушы өз бейімділігін таба алатындай, өзін-өзі бағалай білетін, өз ісінің үздігі, өз саласында көшбасшы бола алатындай, дербес тұлға және оған айналасындағыларды үйретуге мүмкіндігі болатындай әзірленген үздіктер қатысқан.
  Бұл тұрғыда ауданымыздың білімпаз жастары тұңғыш рет өткен ауқымды жобада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, нәтижесінде «Ұзын ата» жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Аралбай Зарина Бекжанқызы жүлделі қола медаль иегері атанды. Аудан басшысы үздік оқушыны «Алғыс хат» және бағалы сыйлықпен марапаттады.
Сондай-ақ, Республика көлемінде өткізілген ауқымды жобаға белсене атсалысып, ауданымыздың даңқын шығарған Зарина Бекжанқызын құттықтап, ауданымыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосып жүрген ұстаздар қауымына ерекше алғысын білдірді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ШАРДАРА: ЖҮЛДЕГЕР ОҚУШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған