Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, Республика көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты-мал ұрлығының алдын алу, болдырмау, мал ұрлығының ізін суытпай ашу көзделген.
Нақтырак айтсақ, жедел шара өткізу барысында Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері өткен жылы мал ұрлығын жасап, Халықаралық іздеуде жүрген 1 қылмыскерді құрықтап, қамауға алды. Сондай-ақ сарыағаштық тәртіп сақшылар – мал ұрысы, мал союшы, мал сатып алушы санаттарында тұрған 5 тұлғаны анықтады.
Сонымен қатар аудан көлемінде мал ұрлықтарын болдырмау мақсатында, түнгі уақытта полицейлерден жедел мобильдік топтар құрылды. Нәтижесінде қала шетіндегі 120 мал қора тексеріліп, мал тасымалдаумен айналысатын 15 автокөлік тексерілді. Оның ішінде 4 автокөліктің малды құжатсыз тасымалдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бабымен әкімшілік шара көру мақсатында аудандық ветеринариялық қызметке жолданды.
Бұдан бөлек, «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы туралы әңгімелер, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарына мал қораларының беріктігін қамтамасыз етіп, қажетті іс-шараларды қолдануды естеріне салады. Сондай-ақ, ен салып, малды таңбалап, мүмкіндігінше бақташы жалдауға кеңес береді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі.
Сарыағаштық полицйелер «мал ұрысы» іс-шарасы барысында бірнеше жайтты анықтады