Республика күні – бұл күнді бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсап, найзаның ұшымен білектің күшімен тәуелсіздікке қол жеткізді. Он үш жылдан кейін қайта оралған бүгінгі күн барша қазақ елі үшін қуанышты жайт.
Республика күні – нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын, халықтың думандатып тойлайтын,мерекелік көңіл күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн.
Осындай айтулы мерекені негізге ала отырып, «Әбілхан Қастеев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Республика күні – Ұлтық мереке» атты он күндік апталық жарияланды. Апталық барысында сыныптарда тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрибе сағаты оқушыларға айтулы Республика күнін дәріптеп, отан сүйгіштігі мен ұлттық руханиятын танытуға бағытталды. Тәрбие сағаттарынан бөлек мектепшілік оқушалар арасында потриоттық өлең жолдарымен челендж ұйымдастырылып, Жетісай ауданы бойынша бір мезгілде мемлекеттік гимн орындау мақсатында, 24-ші қазан күні сағат 12.00-де мектеп оқушылары жанда дауыста, мемлекеттік ән ұранды орындады. Республика күніне жарияланған апталықты қорытындылау мақсатында, мектеп АКТ залында мемлекеттік іс-шара өткізілді.
Қазақта жақсы сөз- жарым ырыс деген сөз бар. Осы күні тілігіміз- түзу, ниетіміз- ақ, көңіліміз кіршіксіз қалыпта отанымызбен мақтанып, бірлігімізді нығайтып, елдігімізді танытайық және ел болып бірге қуанайық. Ұлттық мерекені осылай ұлықтасақ ғанибет.
Әбілхан Қастеев атындағы ЖББМ.
Жетісай ауданы.