Мақтааралдық полицейлер мал ұрлығы қылмысын ашу мен алдын алу, ескерту мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мақсатында кеңейтілген кеңес ұйымдастырды.
Кездесуге, басшы құрам мен әрбір ауылға бөлінген 11 полиция инспекторы, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребек, учаскелік, 2 кент, 9-ауылдық округтердің әкімдері мен ветеринария саласының мамандары қатысты.
«Жасыл дәліз-3» акциясы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру кезінде полиция қызметкерлері ауыл әкімдіктері мен ветеринария сала қызметкерлері бұған дейін де бірігіп жұмыс жасап келеді. Жалпы қараусыз қалған және егістік алқаптардың жағалауында бақташысыз қалған малдарды қамап, иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар елді мекендерде тұратын тұрғындардың малдарын сырғалау жұмыстары атқарылады.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары мал ұрлықтарының алдын алу үшін аудандағы Мырзакент және Атакент кенттерінде орналасқан мал базарларында әр апта сайын рейдтік іс-шаралар атқаруда. Онда мал тасымалданған автокөліктердің құжаттары мен мал иесінің құжаттары тексеріліп, құжаттары жоқ болған жағдайда түсініктемелер алынып, аудандық инспекция бөліміне жолдануда. Қазіргі таңда мал ұрлығын болдырмау мақсатында елді мекендерде ауыл әкімдері, мал иелері мен бақташылар арасында үш жақты келісім жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатындығын айтады. Сондай-ақ мал ұстайтын аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайды болдырмас үшін малдарды құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.
ТО ПД баспасөз қызметі
Полицейлер мал ұрлығын ашу мен алдын алу үшін жиын ұйымдастырды