Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында, тұрғындармен тікелей қарым-қатынаста болу үшін Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы бекітілген кестеге сәйкес Жылы су ауылдық округі тұрғындарымен Мырзашоқы елді мекенінде №30 І.Жансүгіров ЖОМ ғимаратында кездесу өткізді.
  Кездесуге аудан басшысымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов пен мәслихат депутаттары Рүстем Наматуллаев, Айбек Сұлтанмұрат, аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Есімжан Надиров, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары, округ тұрғындары қатысты.
    Ашық жүздесуде аудан әкімінің баяндамасы бойынша 2022 жылы «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Жылы су ауылдық округіндегі 18,9 шақырымды құрайтын 3 елді мекенде 23 көшені 288,5 млн теңгеге, Абай ауылдық округі Алтын кемер елді мекеніндегі 2,8 шақырымды құрайтын 2 көшені 42,9 млн теңгеге, Мақталы ауылдық округі Мақталы елді мекеніндегі 11,1 шақырымды құрайтын 13 көшені 167,6 млн теңгеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2022 жылға Жылы су ауылдық округі Баққоныс елді мекеніне кіреберістегі автомобиль жолын күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарына облыстық бюджеттен 39,2 млн теңге бөлінген.
  Кездесу барысында округ тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға аудан әкімі мен тиісті сала мамандары нақты жауаптар берді. Кездесуден кейін Мұрат Болатұлы округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
   Жеке қабылдауда тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй алу, ауыз су, жол жөндеу, істен шыққан тік дренаж ұңғымаларын жаңарту, жеңілдетілген жанар-жағар май және минералды тыңайтқыштарды алу, округ елді мекендерінде мәдениет және спорт нысандарын салу мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныс пікірлер аяқсыз қалмайтындығын алға тартып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.
Еске сала кетейік есепті кездесулер жыл бойы бекітілген кестеге сәйкес барлық елді мекендерде өтуі жоспарланған. Кездесу кестелері Жетісай ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында, «Жаңа Жетісай» аудандық қоғамдық-саяси газетінде және әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ЖЫЛЫ СУДА ЖАЛҒАСТЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.