Ағымдағы жылдың 6 қазанында елімізде АЭС құрылысына қатысты сайлау өткелі жатқаны белгілі. Бұл мәселе бойынша мемлекетімізде арнайы референдумның өткізілуінің өзіндік себептері де бар. Себебі, бізде АЭС құрылысының жобасына қатысты әлі де халық арасында екіжақты көзқарас аз емес.
Ал, сол саланы жақсы білетін мамандар, энергетиктер мен ғалымдар болса АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікірді көп айтуда. Бұған себеп олар қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанын жақсы біледі. Өкінішке орай елімізде күн өткен сайын энергия тапшылығы айқын сезілуде. Ал оншақты жылдан кейін бұл мәселе өте өзекті болмақ. Олар сол себепті Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының маңында салынуы жоспарланып отырған АЭС-тің еліміз үшін қажет екеніне халықтың көзін жеткізгісі келуде.
Енді «Шымшық сойса да қасап сойсын» деге сөз бар ғой. Сол себепті мен де солардың уәждеріне келісемін. Сіздерді де 6 қазан күні еліміздің болашағы үшін қай жолдың пайдалы екенін жан-жақты ойланып барып, өз дауыстарыңызды беруге шақырамын.
Сейдахан ТҰРСЫНХАНОВ,
Жетісай ауданы.