2025 жылғы 15 қазанда №45 «Н.Исмайлов атындағы» ЖББМ КММ-де мектепалды сынып педагогтерінің аудандық ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның басты тақырыбы – «Дәстүрден тыс әдіс–тәсілдерді дене шынықтыру іс–әрекетінде қолдану» және «Айкүне технологиясы». Ашық есік күніне ата-аналар да белсенді қатысып, балалармен бірге қызықты және пайдалы іс-шараларға қатысты.

Іс-шараның мақсаты – дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру, дене дайындығын, икемділік пен тепе-теңдік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен серіктестік қарым-қатынасты нығайту. Сонымен қатар, ашық есік күні салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа қызығушылықты арттыруға бағытталды.

Іс-шараны мектеп директоры Н.Сейдеханов  пен әдістемелік кабинет әдіскері Хатира Алмагамбетова ашып, қатысушыларды құттықтады. Алғы сөзден кейін «Эмоцияны басқару – баламен дұрыс қатынастың кілті» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, педагогтар мен ата-аналар арасында жағымды көңіл-күй қалыптастырылды.

Іс-шараның үйлестірушілері – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Адилов және Әдістемелік кабинет әдіскері Х.Алмагамбетова. Іс-шараға мектепалды сынып педагогтері, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Педагогтер мен ата-аналар үшін концерттік бағдарлама және мектеп алды даярлық сынып тәрбиешілері  Жеңіскул Сабденова «Бала – отбасының бақыты», Эльмира Тулеева «Анам және мен» атты эстафеталық сайыс өткізсе, тәрбиеші Ақбаян Ашимова  «Жас тыңдарман» жобасы аясында балалар кітапханасын таныстырып, кофе-брейк ұйымдастырды.

Шеберлік сыныптар мен практикалық сабақтар аясында қатысушылар «Кәсіптік бағдар: Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!» және «Мектепалды сынып педагогының ата-аналармен ұйымдастыратын жұмыс түрлері» тақырыптары бойынша тәжірибе алмасты.

Ашық есік күні балалар мен ата-аналардың белсенді қатысуымен өтіп, мектеп қауымдастығының ынтымақтастығын арттыруға үлкен үлес қосты.

Джамалова Балғын Аманқызы,

Түркістан облысы, Жетісай ауданы,

№45 «Н.Исмайлов атындағы» ЖББМ КММ ДОІЖО.

МЕКТЕБІМІЗДЕ АУДАНДЫҚ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

mrking mrking giriş kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres mrking mrking giriş