ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов биылғы халық санағы қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  «Бұл мәселе жақында реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңесте қаралды. Әзірге біздің болжамдарымызға сүйене отырып, эпидемиологиялық жағдайға қарай халық санағын 1 қыркүйектен қазан айының соңына дейін өткізу шешімі қабылданды. Яғни, санақ шамамен 2 айға созылады. Санақ жүргізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылды, оны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқарады. Қазір де комиссияның бірнеше отырысы өтті», — деді Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Спикердің айтуынша, алдыңғы санақтармен салыстырғанда биылғы санақты барынша цифрландыру көзделіп отыр. «Яғни, 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін Ұлттық статистика бюросының арнайы сайты ашық тұрады – sanaq.gov.kz. Бұл санақ аясында барлық сұрақтарға онлайн жауап беруге мүмкіндік береді. Қазанның соңғы екі аптасында интервьюерлер тұрғындардың үйлерін аралап, планшеттер арқылы ыңғайлы формада толтыратын болады. Жалпы, біз халық санағын өткізуге дайындалып жатырмыз. Өз уақытында тиісті қаражат бөлінді, олар резервке қойылды және бюджетті нақтылау аясында Ұлттық статистика бюросына да, негізінен Статистика жүргізумен айналысатын адамдардың жалақысы үшін бөлінетін болады», — деп толықтырды агенттік басшысы.

Халық санағы қалай өтеді?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған