Құрметті БАҚ өкілдері!
    Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында үздік журналисттік жұмыстарға байқау жарияланғанын хабарлаймыз!

   Байқауға қатысуға Түркістан облысы бойынша барлық деңгейдегі БАҚ өкілдері қатыса алады.

     Байқауға 2021 жылдың 1 қаңтарынан 8 қазанға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ
жарияланымдар мен бағдарламалар циклдерін,
студиялық жазбалар,
мақалалар мен сұхбаттар қабылданады.

   Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.

   Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

  Ақпараттық агенттіктердің журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

    Материалдар ҚАЗАҚ немесе ОРЫС тілдерінде қабылданады.

    Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2021 жылғы 8 қараша.

    Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі:
журналист туралы қысқаша өмірбаян,
3х4 мөлшеріндегі фотосуреті,
ақпараттық материалдар тізімі.

    Байқауда келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады:
Үздіктеле/радио сюжет немесе теле/радио сюжеттердің циклі;
Баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым;
Ақпараттық агенттіктердегі үздік жарияланым;
Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;

   Бір қатысушы Байқауға бір номинация бойынша ғана қатыса алады және сол номинацияға 3-тен аспайтын жұмысын ұсына алады.

Барлық сұрақтар бойынша:
+7(771)874-95-64
+7(701)787-75-85 ұялы телефоны бойынша хабарласуға болады.

    Материалдарды жолдау үшін электронды мекенжай: anticor13@mail.ru

  Жеңімпаздар «9 желтоқсан – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай өтетін форумда марапатталады.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған