Түркістан қаласындаТүркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің, ДДА жақтастарымен жұмыс жүргізетін дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеру мақсатында өткізілетін семинар өткізілуде.

Бұл семинардың мақсаты – қазіргі қоғам діни салада кездесетін негізгі проблемалар мен міндеттерді терең және жан-жақты қарастыру. Семинар конфессияаралық татулық пен келісімді нығайтуға, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ діни экстремизм мен радикалдануға тиімді қарсы тұрудың стратегияларын әзірлеуге бағытталған.

Шара барысында діни ұйымдар мен мемлекеттік институттардың өзара іс-қимыл мәселелері қаралып, діни қызметті реттейтін заңнамалық базаны жетілдіру жолдары талқыланып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары айқындалады. Жастарды толеранттылық пен діни әртүрлілікті құрметтеу рухында тәрбиелеу мәселелеріне, сондай-ақ қоғамның адамгершілік негіздерін нығайтудағы діни институттардың рөліне ерекше назар аударылатын болады.

Бұл жиынның жұмысына қала, аудан ішкі саясат бөлімдерінің дін саласындағы жауапты мамандары, оңалту жұмыстарымен айналысатын теолог-дінтанушы мамандар мен ҚМДБ дін қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуда.

Айта кетерлігі бұл семинарға – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы; Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы; «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының Шымкент қаласы бойынша басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы; Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» факультетінің декан орынбасары, психолог Жарқынбаева Динара Сабитқызы спикерлік етуде.

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТУДЕ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

mrking mrking giriş kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel kingroyal kingroyal giriş kingroyal güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel madridbet madridbet giriş madridbet güncel meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres meritking meritking giriş meritking güncel meritking adres mrking mrking giriş