ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының тұрғындары өтініш-тілектері мен ұсыныстарын өңір басшысына ашық жеткізіп жүр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданындағы жұмыс сапары барысында кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. «Ашық есік күніне» келген тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді. Бұқараның өтініш-тілектері ескерусіз қалмайтынын және заң аясында шешілетінін жеткізді.

Қабылдауға келген азаматтар әлеуметтік мәселелерді алға тартып, денсаулық жағдайына шағымданды. Жер телімінің шешімін заңдастыруды және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімін жалға алу мерзімін созып беруді өтінді. Сондай-ақ тағы бір азамат ауылға емхана салу ісіне көмектесуге ниетті екенін жеткізді. Мектептегі тәртіпсіздікті шешуді және балық шаруашылығын дамытуға жер сұрады. Көкбұлақ өзенінің үстінен алтын қазуға халықтың қарсылығын білдірді. Республикалық жолға маусымдық жұмыстар жүргізілмейтініне шағымданып, енді бірі аудандағы электр желілерін ауыстыруды сұрады. Мектеп басшысын ротациялау, бөбекжай балабақшасының мәселесі, апатты жағдайда тұрған теміржол үстінен өткен көпір мәселесі, жеке кәсібін дамытуға жер телімін алу мәселесі қозғалды. Ауылға ағын су мәселесін шешу үшін тоған салуға облыстан қолдау және Түлкібас ауданын атауын «Түркібас» ауданы ретінде өзгертуді сұрады.

Еркін форматта өткен қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, өтініштердің оңтайлы шешілуіне атсалысты. Азаматтардың өтініші негізінде хаттамалық тапсырмалар беріліп, жұмыстар атқарылатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған