Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – ұлт болашағын қалыптастыратын маңызды кезең. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарып келе жатқан «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы» бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, заманауи білім мен ұлттық тәрбиені ұштастырып отырған білім ордасы. Бүгінде балабақшада 6 топта 140 тәрбиеленуші тәрбиеленіп, барлығы 38 қызметкер жұмыс жүргізуде. Әрбір балаға жеке көзқарас қалыптастырып, олардың қызығушылығы мен жас ерекшеліктеріне сай білім беру – ұжым жұмысының басты бағыты. Тәжірибелі педагогтер тәрбиеленушілердің танымдық, шығармашылық, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын дамыту мақсатында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануда.

Балабақшада педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру және үздік іс-тәжірибені тарату мақсатында 2025-2026 оқу жылында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың қызығушылықтары мен жас ерекшелігіне сәйкес әлеуетін дамыту» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар барысында қатысушылар заманауи педагогикалық технологиялармен танысып, тәжірибе алмасып, балалардың қабілетін дамытуға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін көрсетті. Сонымен қатар 2025-2026 оқу жылының нәтижесі бойынша бөбекжай-бақша әдіскері О.М Бейсенбаева Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, тәрбиешілер Г.ҒМарқаш, Г.Р Мұстай мен А.У Халмурзаева облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, аудан мақтанышы бола білді.

Баланың жан-жақты дамуы отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығына байланысты. Осыған орай ата-аналармен серіктестік жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Балабақшада «Ашық есік» күндері, ата-аналар жиналыстары, психологиялық-педагогикалық кеңестер, тренингтер, баланың сөйлеу тілінің жеке ерекшеліктері туралы кеңестер,шеберлік сағаттары, отбасылық спорттық жарыстар, мерекелік іс-шаралар, шығармашылық көрмелер және бірлескен жобалар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар педагогтер ата-аналарға баланы тәрбиелеу, қауіпсіздік, денсаулық сақтау және мектепке дайындау мәселелері бойынша кеңестер беріп, өзара сенімді байланыс орнатуда.Жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру балабақша жұмысының маңызды бағытыныңбірі. Осы мақсатта «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай түрлі танымдық іс-шаралар, қауіпсіздік сабақтары, тәрбиелік сағаттар, шығармашылық байқаулар мен ойындар ұйымдастырылып, балалардың жауапкершілік, әдептілік және адамгершілік қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықжұмыстары – баланың үздіксіз білім алуына, жан-жақты дамуына және мектеп өміріне сәтті бейімделу бағыты жолға қойылған.
Өткен оқу жылының айтулы шараларының бірі – демеушілердің қолдауымен бөбекжай-бақша меңгерушісі Хатира Арубайқызының ұйымдастыруымен балабақшада ардагер ұстаздардың есімдерін ұлықтау мақсатында Сейдазимова Халима Ералиевна атындағы әдістемелік кабинет пен Жанұзақова Меруерт Қыдырқұлқызы атындағы музыка залының салтанатты ашылуы болды. Бұл игі бастама – білім саласына өлшеусіз еңбек сіңірген ұстаздарға деген құрметтің жарқын көрінісі әрі жас педагогтерге үлгі болатын тағылымды іс.
Балабақшада педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және басқарушылық әлеуетін дамытуға ерекше мән беріледі. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – балабақша меңгерушісіХ.А АлмагамбетованыңТүркия Республикасының Стамбул қаласында өткен«Білім берудегі заманауи технологиялар: Жаһандық трендтер мен инновациялық шешімдер»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысуы болды.Аталған халықаралық іс-шара әлемнің түрлі елдерінен келген білім беру саласының жетекші мамандарының басын қосып, мектепке дейінгі білім беруді дамытудағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Семинар барысында қатысушылар инновациялық педагогикалық технологиялар, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, заманауи басқару жүйелері және білім беру ұйымдарының қызметін жетілдірудегі озық халықаралық тәжірибелермен танысып, өзара тәжірибе алмасты.Халықаралық деңгейдегі мұндай тағылымды кездесулер кәсіби біліктілікті арттырумен қатар, білім беру ұйымдарының басқару сапасын жетілдіруге, заманауи әдіс-тәсілдерді білім беру үдерісіне енгізуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етеді.
«Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының ұжымы сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында үздіксіз ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылып келеді. Болашақта балаға қолайлы орта қалыптастырып, шығармашыл, білімді, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы игі істер жалғасын таба бермек.
Алмагамбетова Хатира Арубаевна,
Жетісай ауданының білім бөлімінің
«Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының меңгерушісі.
