
8-наурыз мерекесіне орай«Тұрсынкүл апа» бөбекжай балабақшасында «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік іс-шарамызды назарларыңызғаұсынамыз.
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбаттытәрбиеші – аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбеке мес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды – дей келе «Балдәурен» тобының орындауында «Мама» биін қабылалыңыздар!
Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөзкезег і балабақша меңгерушісі: Шырынханова Гүлбаршын апайымызға беріледі. ( меңгеруші сөзсөйлейді).
Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана атана алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, – деп абзал аналарымызбен қырмызықыздарымыздың құрметіне «Балбөбек» тобының «Тоқтаңыз сұлу қыз су іздеген» әніне мың бұралған қыз-жігіттерін сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көлбетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, – дей отырып келесі кезекті«Балдәурен» тобының «Ана» әнін хормен айтқанын қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген – рәмізі сұлулықтың.
Ана деген – біржыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақатын.
Олайболса «Балапан» тобының «Шөжелер» биін қарсы алайық.

Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден алары бар,
Алары бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын таласы бар. Тамаша көрініс. Ортада «Ай-жұлдыз» тобының «Көк жигули» биін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Келесікезекті«Балдәурен» тобының «Барби» биіне береміз. .
Жүргізуші:
Бұралып біздің қыздар ән айтқанда,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұраалар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам–«Ай-жұлдыз» тобының «Анашым» әнін қабылалыңыздар.
Жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әрқадамын нық – нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып.келесі кезекте «Балдәурен» тобының «Шетел» биі.
Ару – Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.
Келесі кезекте «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Даримбай Гүлназымның орындауында «Той бастар» әнімен ортаға шақырамыз. Жас қыздың әнін қабыл алыңыздар!
«Дарите женьшинам цветы» өлеңіне ұлдар қыздарға гүл таратады.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!
Майра БУЛЕГЕНОВА,
«Тұрсынкүл апа» бөбекжай балабақшасының әдіскері.