Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы жұмыс сапарымен, Жетісай ауданында орналасқан мақта зауыттарын аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен және материалдық техникалық базаларымен танысып шаруалармен кездесті. Жалпы, бүгінгі таңда Жетісай ауданында 7 мақта заводымен 80 мақта қабылдау пункттері жұмыс істейді. Биыл аудан бойынша 44 мың гектар алқапқа мақта дақылдары егілген болса, бүгінде оның 41 мың гектар алқабынан бірінші терім өнімдері жиналып алынды. Одан алынған физикалық өнім көлемі 95 мың тоннаға жетіп отыр. Одан бөлек, 8 мың гектар алқаптан екінші терім өнімдері жиналып жатыр. Шаруалар гектарына орташа есеппен 23 центнерден өнім алып отыр. Биыл мақта бағасы былтырғы жылға қарағанда екі есеге жоғары болып тұр. Сапары барысында аудан басшысы Асықата кентіндегі «Ақ Алтын» мақта зауытына қарасты «Ақ май» цехының мақта шикізатын дайындаудың технологиялық процесімен және дайын өнім түрлерімен танысты. Қосымша айта кететін болсақ,»Ақ Алтын» мақта зауытында 265 адам жұмыспен қамтылған. Аталмыш зауыт жылына 80 мың тоннаға дейін мақта шикізатын дайындауға қауқарлы, оны ТМД мемлекеттеріне экспорттайды. Қазақстандағы тұқымдық шиттiң едәуір бөлігі дәл осы кәсіпорын еншісінде.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
АУДАН ӘКІМІ МАҚТА ЗАУЫТТАРЫН АРАЛАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған