Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында ел Тәуелсіздігінің 30 жыл мерекесіне орай әртүрлі салада тынбай еңбек еткен азаматтарды қабылдады.
   Жиында сөз алған аудан әкімі Мұрат Болатұлы «Ширек ғасыр бойы мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың мәселелерін шешуге және өзге де шаруаларға белсенді түрде ат салысып келеді. Елдегі дұрыс саясаттың арқасында Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикалық жағдайы жақсарып, әл-ауқаты артты. Сіздер осы жылдар аясында күрделі кезеңде халық үшін маңызды сұрақтарды шешуге қатысып келесіздер. Сіздерге халық үлкен сенім артып, қолдау білдірді. Сіздерге осы жолда табыс тілеймін» деді.
  Бұдан кейін де құттықтау сөзге шыққан әрбір марапат иелері өздерінің жүрек жарды тілектерін айтса. Алдыңғы аға буындар алғашқы жұмыстары онда қызықтары жайында естеліктерімен бөлісті.
   Мерекеліс шарада мемлекеттік дамуына үлесін қосып, еңбегімен еленген барлық азаматтар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен » марапатталды.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
АУДАН ӘКІМІ БІРНЕШЕ АЗАМАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған