Асқар Мамин мақұлданған жобаларға субсидия берілмеген өңірлер жайында айтты

Асқар Мамин, субсидия, қарапайым заттар

«Біріншіден, «Қарапайым заттар экономикасы» жобаларын одан әрі тиімді іске асыру үшін мемлекет тарапынан кепілдікті ұлғайту қажет. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, бір ай мерзімде жеңілдетілген кредит беру бағдарламасына түзетулердің жетінші пакетін әзірлеуді тапсырамын. Екіншіден, бағдарламаның барлық мақұлданған жобаларының уақытылы іске қосылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл орайда Алматы қаласы, Жамбыл және Қостанай облысы мысал бола алады. Ал Қызылорда және Атырау облысында көптеген мақұлданған жобаға әлі күнге дейін субсидия берілмеген, аталған облыстарда жобалардың сомасы мен саны бойынша көрсеткіш төмен. Осыған байланысты әкімдіктерге мақұлданған жобалар іске асырылғанша оларды жедел қолдауды қамтамасыз ету шаралары қабылдансын», – деді Асқар Мамин.

Үшіншіден, әкімдіктер экономиканы дамыту үшін белсенді жұмыс істеу керегін айтты. Ол үшін аймақтарды бизнесті дамыту керек.

«Төртіншіден, жыл сайын шамамен 7 трлн теңге болатын жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында да маңызды әлеует бар. Халықаралық тәжірибеден байқағанымыз, отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті қамту бойынша ерікті міндеттемелерді қабылдауы бөлігінде келісімдер жасалады. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктері жер қойнауын пайдаланушылармен осындай келісімдер жасасу бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірлесін. Бесінші, әзірленген Өңірлердің экономикалық картасы өңірлерді дамытудың барлық негізгі көрсеткіштерін біріктіруге, оларды сапалы мониторингтеуді қамтамасыз етіп, жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Ұлттық палата ұсынған Өңірлердің экономикалық картасын қалыптастыру тәртібін мақұлдауға болады деп есептеймін», – деді Үкімет басшысы.

Жиын соңында Асқар Мамин «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері келесі жылдың басында Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін кеңейтілген отырыста қаралатынын айтты.

Асқар Мамин мақұлданған жобаларға субсидия берілмеген өңірлер жайында айтты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған