Мырзашөлден шыққан талантты қаламгер – Тамара  Қуанышбекқызы Дәулетбаева журналистика саласына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен, «Құрмет» орденімен марапатталды.

Тамара Қуанышбекқызы 1968 жылы 9 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде  дүниеге келген.

1985-1985 жж. Алматы қаласындағы №5-ші полиграфиялық училищесін, 1988-1993 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» факультетін тәмамдаған.

1993-1995 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров аудандық «Ғарыш» телеарнасының редакторы, 1995-1998 жж. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Қалқан» апталық басылымының тілші-ұйымдастырушысы. 1998-2023 ж.ж. ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Отан сақшысы-Часовой Родины» газетінде аға тілші, бөлім бастығы, ведомстволық басылымның Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті бойынша меншікті тілшісі болып қызмет атқарды. 2023 жылдың қыркүйегінен бері ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Тәрбиелік, идеологиялық және кадр жұмыстары басқармасының консультанты (әскери журналист) болып істейді. Әскери шені – подполковник.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Т.Дәулетбаева республикалық әдеби байқаулардың жеңімпазы. Еліміздегі журналист қыз-келіншектер арасынан шекарашылар туралы қалам тербеген журналист-жазушы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай, республикалық БАҚ өкілдері арасында өткен шығармашылық байқаудың жүлдегері. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық сайыстың «Әбіш – туған жердің патриоты» номинациясының жеңімпазы. ҚР ҰҚК органдары қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Абай» шығармашылық байқауының «Үздік прозалық шығарма» және «Үздік журналистикалық туынды» номинацияларының жүлдегері. ҰҚК Шекара қызметі «Алтын қалам» атағының иегері. ҰҚК Шекара қызметінің 2023 жылғы «Ең үздік журналисі» номинанты.

«Арда туғандар», «Шекара соқпақтары» кітаптарының авторы. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарық көрген «Мемлекеттік шекара» кітабын шығаруға атсалысса, ҰҚК Шекара қызметінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан шекарасының күзетінде» кітабының жауапты шығарушыларының бірі.

2021 жылы «Шекараны үздік күзеткені үшін» ведомстволық медалімен, Журналистикаға сіңірген еңбегі үшін 2023 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Тамара Қуанышбекқызына марапатыңыз құтты болсын дейміз. Біздер баспасөз саласындағы қажырлы, тынымсыз еңбегіңіздің  бағаланғанына қуанышымыз Сізге ұзақ өмір, мол шығармашылық  табыс тілейміз.

С.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ.

ӘРІПТЕСІМІЗ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған