Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі мен Түркістан облыстық прокуратурасының Сарапшылық Кеңесінің біріккен кеңейтілген отырысы өтті.
  Күн тәртібіне сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің жер саласындағы проблемалық мәселелері, жаңадан тұсау кесілген «Түркістан облысының геоақпараттық порталы», ауылшаруашылық жерлерін суарландыру мен судың тарифтері, мақта шаруашылығы мен салық органының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне қатысты мәселелер қаралды.
  Іс-шараға, Кеңес мүшелері мен қоса Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаев, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Мирас Қарғабай және салалық басқармалар мен мемлекеттік емес органдардың бірінші басшылары, облыстың қала, аудан әкімдері, прокуратура мен Палатаның филиал директорлары қатысты.
Жиында кәсіпкерлерлердің жер саласындағы проблемалық мәселелері, жергілікті мемлекеттік органдардың құқыққа сыйымсыз әрекеттері мен соның салдарынан бизнеске түскен ауыртпалықтар, лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартылмауы, ауылшаруашылық алқаптарын сумен қамтамасыз ету, тарифтердің жоғары болу қаралып, Кеңес шешімімен мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныстар келтірілді.
  Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Қалқаманұлы, кәсіпкерлік мәселелерін шешудегі Кеңестің жұмысын, онда көтерілген сұрақтарды жоғары бағалап, келтірілген ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын айтты.
   Сонымен қатар, жиын барысында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е.Өтебаев, Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов пен іс-шараға қатысушылардан мемлекеттік қызмет көрсету және кәсіпкерлікті дамыту, бизнестің проблемасын шешу мәселелеріне қатысты бірнеше ұсыныс келтірді.
   Алдағы уақытта, Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен кәсіпкерлік саласының проблемалық мәселелерін шешуде бірлескен жұмыстарды қолға алып, бизнес пен биліктің өзара қарым-қатынасын жақсартуда нәтижелі жұмыстар жасайтын болады.
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған