Қазақстан Республикасында заң үстемдігін нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Түркістан облысы Жетісай ауданы білім бөлімінің «Майра» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралардың мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында заңға құрмет, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру,тәртіпке бағыну, жауапкершілік,ұқыптылық, әділдік, адалдық және өзара сыйластық сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру.

Апталық аясында тәрбиешілер «Дені сау бала – дені сау ұлт», «Адалдық дүкені», «Ата Заң – Тәуелсіздіктің тұғыры», «Тыңдаймыз және естиміз» , «Әр ойыншықтың өз орны бар», «Бірге ойнаймыз», «Тәртіп пен ұқыптылық» , «Тәртіп пен тазалық», «Адамдарға көмектесетін мамандықтар», «Кішкентай тәртіп сақшылары», «Рәміздерім – мақтанышым», «Менің әкем – полиция қызметкері,өрт сөндірушілер,әскери қызметкер,құтқарушы,ұшқыш», «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» тақырыптарында балалармен танымдық іс-шаралар, әңгімелер, сюжеттік-рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар, сурет салу, көрме және шығармашылық жұмыстар өткізілді. Бұл жұмыстар арқылы тәрбиеленушілер қоғамдық тәртіпті сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін құрметтеу туралы алғашқы түсініктерін кеңейтті.

Сонымен қатар ата-аналарға құқықтық тәрбие беру, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасындағы тәртіп мәдениетін нығайту жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
Өткізілген іс-шаралар тәрбиеленушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдағы тәртіп қағидаларын сақтауға тәрбиелеуге өз үлесін қосты.
«Майра» бөбекжай-бақшасының ұжымы алдағы уақытта да «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын насихаттауға бағытталған тәрбиелік жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адалдық және жауапкершілік құндылықтарын дарыту бағытында тұрақты жұмыс жүргізе береді.
Бектибаева Гульвира Толегеновна,
Жетісай ауданы білім бөлімінің «Майра» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның меңгерушісі.
