ІІ. Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік мақсаты: Әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау.Сандық сауаттылығын арттыру.Әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға бағыт беру.

ІІІ.Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтаға тұсаукесер шығарылады,топқа бөлуге арналған әлеуметтік желілердің эмблемалары, шарлар, плакаттар, маркерлер.
IV.Сабақтың түрі: пікір-талас
V.Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, талдау, салыстыру, пікір таластыру, кері байланыс жасау.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру: Тик –ток әніне көрініс
Команданың атын таныстыру
2. Интернет туралы қысқаша шолу
3. Ватсап,тик-токтың және инстаграмның пайдасы мен зияны (пікір-талас ойыны)
4. Сергіту сәті
5. Доп лақтыру әдісі (Екі топ өзара сұрақ алмасады)
6. Қорытынды
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Әлеуметтік медианы дұрыс насихаттау арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу» ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Көрініс. «Тик ток»
Мұғалім: Міне көріп отырғандарыңыздай,еңкейген қарттан,еңбектеген балаға дейін ғаламторда отырады.Қазір тіптен бұл актуалды мәселе ретінде қарастырады.Яғни пайдасы да зияны да баршылық. Олай дейтінім,заман жаңарып,өрістеп жатқан бүгінгі күнде балаларды одан алшақтату мүмкін емес екені жасырын жайт емес. Пайдасы туралы айтар болсақ,уақытты тиімді пайдаланып ғаламтор желілерінен түрлі мәліметтер алуға болады.Қашықтықтан оқытудың да мүмкіндігі бар. Ал енді зиянды жағына тоқталар болсақ бала денсаулығына,психологиясына кері әсері де аз емес. Уақытпен санаспай ұялы телефонға тәуелді болып қалған жасөспірімдердің тағдыры сіз бен бізді ойландырады.
Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау. Бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан тик-ток , ватсап және инстаграм төңірегінде болмақ.
Сабағымыздың мақсатын аша түсу үшін өзімізге ұнаған эмблемаларды таңдайық.
Бұл эмблемалар ватсап, инстаграм, тик ток желілерінің логатифтері.
Бірінші оқушы: Апай, маған «Ватсап» желісінің логатифі түсіпті. Мен өз командама көш басшы болайын.
Екінші оқушы: Олай болса менде «Инстаграм» желісінің көш басшысы болайын.
Үшінші оқушы: Ау, халайық! «Тик токтан» кім қалды кәне? Біз «Тик ток» командасы боламыз.
Мұғалім: Жарайсыңдар оқушылар! Олай болса топтық жұмысымызды топ ұранымен таныстырудан бастайық!
«Ватсап» тобы:Ватсап деген ғажап бар,
Бес құрлыққа тараған
Күн-түн демей қажетке
Жаратады қажетке
«Инстаграм» тобы: Отырып-ақ үйінде,
Шарлайсың сан әлемді.
Инстаграмға сенеді
Адамзаттың бәрі енді
«Тик-ток” тобы: Тик токтың зияны,
Пайдасымен қатар бар
Сондықтан да ақылмен
Тек пайдасын таңдап ал.
Мұғалім: Топ ұрандарымен керемет таныстырдыңдар!
Мен үш топқа да бір-бір лайк басайын. (лайк салады);
Үш топтың да таныстырылым өте қатты ұнады (жүрек салады);
Үш топқа да берер сұрағым: «Ең алғаш интернет туралы ақпараттармен танысып алсақ. Жалпы интернет туралы не білеміз?»
Құрметті қонақтар ашық тәрбие сағатымыз соңында сіздер де ұнағын пікірлер мен ұсыныстарыңызды осылай топтарға ұсына аласыздар. (қонақтарға ұсыну)
Сымбат: (Біз интернет, интернет, интернет деп жатырмыз. Достар сендер білесіңдерма интернет алғаш қайда, қашан, қалай, қандай мақсатта ппайда болғанын ?)Әлеуметтік желі қашан және қалай пайда болды..
Гүлбала: (Дұрыс айтасың Сымбат…….) Әлеуметтік желінің зиянды тұстарын түсіндіру…
Қарлығаш: (Достар )Әлеуметтік желіні тиімді пайдаланудың жолдары
Мұғалім: Жалпы интернет жайлы алғашқы таныстырылымдарың қызық болды ғой. Ал, ендеше топпен пікірталас ұйымдастырсақ.
Әр топ өз тобының жағымды жағын, екінші топтың жағымсыз тұстарын постер арқылы қорғауға тапсырма берейін.
Мұғалім: Оқушылар постерге дайын болам дегенше келген қонақтармен «Бинго» ойынын жүргізейік.
4.Мұғалім: Оқушылар, тапсырмаға дайынбызба? Қай топты тыңдаймыз? (Постер қорғау)
Мұғалім: Пікірлерің өте орынды. Әлеуметтік желілердің өздерің айтпақшы жағымды тұстары да , жағымсыз тұстарыда айтарлықтай. Біз қандай жағдайда да бір-бірімзге деген сүйіспеншілікті, адамгершілік құндылықтарымызды жоғалтпауымыз қажет. Сол мақсатта сіздерді сергіту сәтіне шақырамын.
(оқушылар дөңгелене тұрып, сергіту сәтін өткізеді.)
Мұғалім: Бүгінгі сабақтан алған ақпараттарымызды, ой пікірлерімізді бір –бірімізге сұрақтар беру арқылы қорытындыласақ. Доп лақтыру әдісі
- Интернет дегеніміз не?
- Алғаш рет интернет пайдаболған жыл?
- Электронды пошта дегеніміз не?
- Ұялы телефонның адам денсаулығыназияндылығын білесіз бе?
- Ұялы телефон қандай ауруларғадушар етуі ықтимал?
- Ұялы телефонның зияныжайлы не білесің?
- Ғаламтор мен ұялы телефондағытәуелділіктің апаратын жол?
- Буллинге жол берудің салдарының бірі?
- Интернет желілері арқылы құқықбұзушылықты қалай түсінесің?
- Адам қанша уақыт ұялы телефонменсөйлесе алады?
Оқушы: Бірақ, досым мынаны ұқ,
Болмайды ол саған дос
Күні бойы бас алмай
Уақытыңды құртпа бос
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақты Жүсіп Баласағұнның сөзімен аяқтағым келеді. «Түйсік болып,қансақ білім нәріне Жетер қолың ой-тілектің бәріне» дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернеттің де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.
Бүгінгі 11 «А» сынып оқушыларының ұйымдастырумен өткізілген «Әлеуметтік медианы дұрыс насихаттау арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы пікір-таласты жабық деп жариялаймыз. Қош сау болыңыздар!
Сіздерде ұсынған белгілер арқылы «Лайк, жүрек, пікірлеріңізді» топтарға кері байланыс беру арқылы қалдырсаңыздар.
Назарқұлова Гаухар Орынбасарқызы,
Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы.
