2025 жылғы 15 қазанда №45 «Н.Исмайлов атындағы» ЖББМ КММ-де мектепалды сынып педагогтерінің аудандық ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның басты тақырыбы – «Дәстүрден тыс әдіс–тәсілдерді дене шынықтыру іс–әрекетінде қолдану» және «Айкүне технологиясы». Ашық есік күніне ата-аналар да белсенді қатысып, балалармен бірге қызықты және пайдалы іс-шараларға қатысты.

Іс-шараның мақсаты – дәстүрден тыс әдістерді пайдалана отырып балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру, дене дайындығын, икемділік пен тепе-теңдік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен серіктестік қарым-қатынасты нығайту. Сонымен қатар, ашық есік күні салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа қызығушылықты арттыруға бағытталды.
Іс-шараны мектеп директоры Н.Сейдеханов пен әдістемелік кабинет әдіскері Хатира Алмагамбетова ашып, қатысушыларды құттықтады. Алғы сөзден кейін «Эмоцияны басқару – баламен дұрыс қатынастың кілті» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, педагогтар мен ата-аналар арасында жағымды көңіл-күй қалыптастырылды.
Іс-шараның үйлестірушілері – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Адилов және Әдістемелік кабинет әдіскері Х.Алмагамбетова. Іс-шараға мектепалды сынып педагогтері, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Педагогтер мен ата-аналар үшін концерттік бағдарлама және мектеп алды даярлық сынып тәрбиешілері Жеңіскул Сабденова «Бала – отбасының бақыты», Эльмира Тулеева «Анам және мен» атты эстафеталық сайыс өткізсе, тәрбиеші Ақбаян Ашимова «Жас тыңдарман» жобасы аясында балалар кітапханасын таныстырып, кофе-брейк ұйымдастырды.
Шеберлік сыныптар мен практикалық сабақтар аясында қатысушылар «Кәсіптік бағдар: Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!» және «Мектепалды сынып педагогының ата-аналармен ұйымдастыратын жұмыс түрлері» тақырыптары бойынша тәжірибе алмасты.
Ашық есік күні балалар мен ата-аналардың белсенді қатысуымен өтіп, мектеп қауымдастығының ынтымақтастығын арттыруға үлкен үлес қосты.
Джамалова Балғын Аманқызы,
Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
№45 «Н.Исмайлов атындағы» ЖББМ КММ ДОІЖО.
