Мен, мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ыбырай Нұргүл, «Цифрлық дәуірде тіл тағдыры» тақырыбында ұстаздарға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырдым. Бұл шара барысында біз қазақ тілінің цифрлық кеңістікте қолданылуы, тілдің дамуы және оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру жолдары туралы пікір алмасып, маңызды ойлар ортаға салдық.

Бүгінгі заманауи қоғамда ақпараттық технологиялар өміріміздің барлық саласын қамтып отыр. Сол себепті тілдің дамуы тек дәстүрлі оқытуға ғана емес, цифрлық ортаға да байланысты. Цифрлық дәуір – қазақ тілінің дамуы үшін жаңа мүмкіндік және үлкен сын кезеңі.
Қазақ тілінің цифрлық ортадағы қолданысы интернеттегі контент пен заманауи қосымшалардың санына байланысты. Онлайн сөздіктер, аударма және үйрету платформалары тіл үйренушілерге тиімді құрал болып табылады. Әлеуметтік желілер мен мультимедиалық контент балалар мен жастарға тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Жастар интернетте жиі қазақ тілінде жазып, кейде аралас тілдерді де қолданады. Сондықтан сапалы контент жасау және мемлекеттік қолдауды күшейту өте маңызды.
Мен педагог ретінде заманауи технологияларды тиімді пайдаланып, оқыту процесін қызықты әрі нәтижелі етемін. Мобильді қосымшалар, онлайн тесттер, интерактивті тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын арттырып, сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі. Жасанды интеллект құралдары интерактивті оқыту жүйесін ұсынып, тіл үйренуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ChatGPT арқылы мәтін жазу, жаңа сөздер үйрену немесе сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі бар. Copilot сияқты редакция құралдары жазбаларды түзетіп, қазақ тілінде сапалы мәтін құрастыруға мүмкіндік береді.
Қазақ тілін дамытуға арналған заманауи платформалар да тиімді. Canva презентация, постер, инфографика жасауға, Wordwall викторина мен ойын түрінде тіл үйретуге, Edpuzzle бейне арқылы оқытуды тексеруге, Flipgrid оқушылардың пікірін бейнежазба арқылы білдіруге, Padlet бірлескен жұмыс пен пікір алмасуға, YouTube қазақ тіліндегі материалдарды таратуға көмектеседі. Бұл құралдар оқушылардың ғана емес, біз мұғалімдердің де тілге деген қызығушылығын арттырады.
Мен, ұйымдастырған бұл шара ұстаздарға тың серпін беріп, цифрлық заманда ана тіліміздің беделін арттыру жолында жаңа міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді. Осындай тағылымды басқосулар көбейіп, қазақ тілінің мәртебесі биіктей берсін!
Іс-шараның үйлестірушілері – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Адилов және Әдістемелік кабинет әдіскері Х.Алмагамбетова. Іс-шараға мектепалды сынып педагогтері, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Ашық есік күні балалар мен ата-аналардың белсенді қатысуымен өтіп, мектеп қауымдастығының ынтымақтастығын арттыруға үлкен үлес қосты.
Ыбырай Нургул Жаңабайқызы,
Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
№45 «Н.Исмайлов атындағы» ЖББМ КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
