Жақында №64 «Мақталы» жалпы білім беретін мектеп»КММ-нің 8-сынып оқушыларына «Авогадро заңы. Молярлық көлем» атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді.

  Сабақтың басы:

Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен таныстырды. Алдыңғы тақырып қайталанып, жаңа сабаққа кіріспе ретінде газдардың қасиеттері туралы сұрақтар қойылды.

  Сабақтың ортасы:Авогадро заңының мәні түсіндірілді:

«Бірдей температура мен қысымда газдардың тең көлемдерінде молекула саны бірдей болады».

Қалыпты жағдайда газдың молярлық көлемі — 22,4 л/моль екені айтылды.

Оқушылар есептер шығарып, мысалдар арқылы тақырыпты бекітті.

  Сабақтың соңы:

Мұғалім сабақты қорытындылап, белсенді қатысқан оқушыларды бағалады.

Кері байланыс арқылы оқушылар өз әсерлерін білдірді.

  Қорытынды:

Сабақ барысында оқушылар Авогадро заңы мен молярлық көлемнің мәнін түсініп, есептер арқылы білімдерін бекітті. Үй тапсырмасын беріп сабақты қорытындылады.

Адиева Кумис Ораловна,

№64 «Мақталы» жалпы білім беретін мектеп»КММ-нің химия пәні мұғалімі.

«Авогадро заңы. Молярлық көлем»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған