Бүгінде ауданымызда жас тұрғындар арасында Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еліміздің келешегі саналатын жастарымызға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, Мақтаарал ауданында да NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп отырылады.
Сол кездесулерде аудан жастары мен жас азаматтарымызға төмендегідей: «Серпін-2050», «Алғашқы жұмыс орны», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес», «2,5 пайызбен несие алу» атты мемлекеттік бағдарламалары жан-жақты түсіндіріліп, солар тарапынан осы бағдарламаларға қалай қатысуға болатындығы жайлы қойылатын сауалдарға нақты жауаптар қайтарылуда.