Түркістан облысында жаңа оқу жылындағы оқу процесі дәстүрлі форматта өткізіледі. Қазіргі таңда, осыған байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін ¬Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. 
   «Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол үшін, 175,4 млн. теңге жұмсалды. Сонымен қатар, облыстағы барлық білім беру мекемелері 100 пайыз «Ashyg» жүйесіне қосылды. Бүгінгі таңда, білім беретін 83 897 ұстаздардың 85 пайыздан астамы, техникалық қызметкерлердің 96 пайыз
ы індетке қарсы екпе қабылдады. Оқу жылы басталғанға дейін көрсеткіш 100 пайызға жеткізіледі», – деді Сәкен Амангелдіұлы.
  Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары жаңа оқу жылында оқушыларға бірыңғай мектеп формасын кию талап міндеттелмейді. Бірақ, мектеп формасы класикалық үлгіге сай болуы керек.
     Жаңа оқу жылына жалпы саны 2 млн. 250 мың дана оқулық сатып алуға 4,8 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бүгінде баспаханалармен оқулықтарды сатып алу және тасымал бойынша келісім-шарт жасалған. Оқу құралдарын жеткізу мектептерге жеткізу жұмыстары 25 тамызда толығымен аяқталады.
   Биыл 2021 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 70-і облыстық бюджеттен, 8-і «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен іске асырылуда. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынуда. Жалпы облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар. Оның биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектеп, қалған мектептің мәселесін 2023 жылға қарай шешу жоспарланған.
    Айта кетейік, жаңа оқу жылында 927 күндізгі орта білім беру ұйымында 516 740 оқушы оқиды деп күтілуде. Биыл ата-аналардың өтінішімен 47 266 бала 1 сыныпқа қабылданды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА ӨТКІЗЕДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған