Елімізде 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады. Осыған орай Мырзакент кентінде аудандық және осы өңірге бекітілген облыстық БАҚ өкілдеріне арнап салтанатты дастархан жайылды.

    Журналистер үшін арнайы ұйымдастырылған осымерекелік жиынға – аудан басшылығы, ауданның ардагер журналистері, газеттер мен телеарнаның тілшілері мен  белсенді блогерлер қатысты.

Салтанатты шарада аудан әкімі Бақыт Асанов қаламгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға құттықтау хаттары мен сый-сияпаттарды табыстай отырып, «Сіздер аудандағы жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер. Өңір тынысымен халықты дер кезінде құлағдар ету бағытындағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер»-деп, өзінің игі тілегін білдірді.

Аудан басшысынан кейін сөзге шыққан аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы,  ауданның танымал ардагер журналисі Жаппар Ғаппар, «Мақтаарал» газетінің бас редакторы Сәбит Қалдыбаев пен басқа да азматтар журналистер қауымын мерекелерімен құттықтап, істеріне сәттілік тіледі.

Салтанатты мерекелік кеш барысында сонымен бірге, аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлері де әннен шашу шашып, бұхаралық ақпарат өкілдеріне қуанышты күй сыйлады.

Сұңғат ҚУАНЫШБЕК.

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған