Жетісай ауданында мақта дәнін себу жұмыстары басталды. Мақта – тоқыма өнеркәсібінің негізі шикізаты. Биылғы жылғы меже бойынша ауданымызда шитті мақта 44 мың гектардан астам жерге себіледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда жетісайлық шаруалар 137 гектарға мақта дәнін сеуіп үлгерген. Атап айтар болсақ Ж.Ералиев ауылдық округінде 73 гектар, Жылы су ауылдық округінде 23 гектар, Атамекен ауылдық округінде 26 гектар, Мақталы ауылдық округінде 15 гектар алқапқа мақта дақылы егілді.
Қалған алқаптарға мақта дақылын егу үшін агротехникалық чизлдеу және тырмалау дала жұмыстары жүргізілуде. Ақ алтын егумен айналысатын Жетісай ауданында тұқымдық шит тапшылығы болмайды. Биыл өңірде отандық және Түркия,Өзбекстан мен Қытай елдерінен тасымалданған 1626,3 тонна шит дайындалатын болады. Дайындалған тұқымдық шит 1441,7 тоннаны құраса, 1051 тонна шитті шаруалар сатып алып қойды.
Ауданымызда шаруалар отандық тұқымдық шиттің келісін сортына қарай 300-600 теңге аралығында сатып алатын болса, шет мемлекеттен әкелінетін тұқымдық шиттің келісі 1000-1800 теңге аралығында. Ал, 1 гектар алқапқа шамамен 20-25 келі мақта дәні себіледі.
Айта кетейік, ауданымызда өткен жылы 44 мың гектар алқапқа егілген мақта шитінен 114 мың тонна ақ алтын өнімі жиналған болатын.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған