Ағымдағы  жылдың 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде жастар және жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты болып өткен еді.

Осы айтулы чемпионатта – Қазақстанның ұлттық құрама команда сапында ауданымыздың екі спортшысы Ерубай Тұрлыбай және Айсұлу Мұхит өнер көрсетті.

Әлемнің 26 мемлекетінен 500-ге жуық боксшы қатысқан айтулы бәскеде ауданымыздың боксшылары қарсылатарын айқын басымдылықпен жеңіп, Ерубай Тұрлыбай 80 келі салмақ дәржесінде ақтық бәсекеде өзбек елінің боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанса, екінші спортшымыз Айсұлу Мұхит 66 келі салмақ дәржесінде қола жүлдені иеленді.

Тағы да бір айта кетерлігі, Еуропа құрлығындағы Венгрия елінің астанасы – Будапешт қаласында 23 тамыз – 1 қыркүйегі аралығында кикбокстан өткен әлем кубогінде Мақтаарал ауданының тумасы, жерлесіміз Ким Анжела Гаврошевна еліміздің Ұлттық құрамасының сапында мемлекет намысын қорғап, 44 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Ауданымыздың және еліміздің даңқын асқақтатып жүрген спортшыларымызды осындай айтулы жеңістерімен құттықтай отырып, оларды алдағы байрақты бәсекелерде көк туымызды көкте желбірете берулеріне тілектеспіз.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АУДАНЫМЫЗДЫҢ АТЫН АСҚАҚТАТУДА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған