Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында мемлекеттік қызметкерлермен, полиция инспекторларымен, кірістер және денсаулық саласының мамандарымен жүздескен Түркістан облысы сыбайлас жемқорлықща қарсы департаменті жанынан құрылған Ақпараттық ағартушылық штаб төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев ауданның жастарымен де жиын өткізді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ҚР Сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет туралы заңдарына енгізілген өзгерістерді, сыбайлас жемқорлық ықтималдылықтарын, түрлері мен көлемін, жемқорлыққа жол бергендерге қарсы қолданылатын жаза түрлерін толығымен түсіндірген Ерұлан Икрамұлы әрбір азаматты жемқорлыққа қарсы күресуге шақырды.

«Жемқорлық көрініс тапқан ортада адамгершілік қасиет жоғалады. Ал, адамгершілік жоғалған қоғамда адам оңбайды. Сондықтан, Сіз бен Біз кез-келген жемқорлық фактілеріне төзбеушілік білдіріп, қарсы күресуіміз керек. Біздің ұрпағымыз жемқорлықсыз, адал қоғамда өмір сүруге лайықты» деген Ерұлан Тұңғышбаев қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты жазалардың қатаңдатылғанын және жемқорлық қылмыстарын жиі жасайтын мамандық иелеріне тоқталды.

Басқосу барысында түрлі сала мамандарымен еркін фоматта пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Сұрақтарына жауап берді. Өткен жылы аталмыш бағытта атқарылған жұмыстармен таныстырды. Алдағы уақытта барлық сала мамандарын жемқорлық жасап темір торға тоғытылғандармен кездесулер ұйымдастырып, қамау абақтыларына экскурсия жасау жоспары да бар.

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған