Мақтаарал ауданында ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профикалактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңы аясында, аудандық прокуратураның жоспарына сәйкес «Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Жастар және дәстүрлі дін» атты тақырыптарда аудан прокуратурасы және аудандық ішкі саясат бөлімімен біргелікті білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары, ата-аналарына кездесулер өткізілді.

 Осы аталмыш кездесулерде Мақтаарал ауданы прокуратурасының прокуроры Е.Саржан кездесулерде құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық білімін арттыру мақсатында баяндама оқып, құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Ал дін істері басқармасы мекемесіне қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің теолог маманы Аманов Дәурен жастардың жат ағымға кетуінің алдын алу мақсатын жұмыс жүргізді.

Кездесулер барысында ата-аналар тараптарынан жиынға қатысушы спикерлерге өздерінің көкейтесті сұрақтарын қою арқылы, тұщымды жауаптарын алды.

ЖАСТАР ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған