Үйірме мүшелерінің әр салада алған білімдері бойынша қайталау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру. Үйірме мүшелерінің туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан — жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру мақсатында  «жас көшбасшы» интеллектуалдық ойын болып өтті.

Сайысқа LD экран слайдтары, суреттер, сұрақтар, ребус, қара жәшік ойыны көрнекілік ретінде қойылды.

Ұйымдастыру кезеңінде сәлемдесіп, үйірме мүшелерін түгендеп, сабаққа дайындығын тексерді.

Интеллектуалды ойында «Болашақ»,  «Бәйтерек» болып екі топқа бөлінді.

Ойынның алғашқы  «Бәйге» кезеңінде  уақыттан ұтып, жылдам жауап берген топқа әр  сұраққа 1 ұпайдан беріліп отырды. Екінші «Полиглот» кезеңінде оқушылар  тиісті сөздің екі тілде ( қазақ-орыс ) аудармасын айтып, тез әрі нақты жауап берген топ 5 ұпайдан алып отырды. Үшінші  «Жеті жұмбақ» кезеңінде  ойыншыларымыздың әр ғылым саласынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Әр ұяшықты дұрыс ашқан топқа 5 ұпайдан қосылып отырды.  Ойдан кейін, сергіту сәтінде  қатысушылар бейнебаян «Логикалық сұрақтар»  Ребус шешіп отырды. Келесі  «Қара жәшік» тапсырмалары берілді. Онда әр  топқа 2 заттан жасырдым.Оқушылар мұқият тындап қара жәшікте не жатқанын қолмен ұстап не екенін тауып айтты. Тапқан топқа 5 ұпайдан берілді. Соңғы  «Ой толғау»  кезеңінде  «Егер де мен ПРЕЗИДЕНТ  болсам…»  деген тақырып бойынша топтар өз ойларын ортаға салды. Толық ойын жеткізіп айтқан топқа 5 ұпайдан берілді.

Сайыс соңында жеңімпаз командалар анықталып, мадақталды.

Мөлдір МАМАРАИМОВА,

Жетісай ауданы Білім бөліміне қарасты Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының Туризм, спорт және өлкетану бөлімінің меңгерушісі.

«ЖАС КӨШБАСШЫСЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған