Республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы  бес аптаға созылды. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты болды.
      Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылған бірінші апта «Таза өлке» деп аталды. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалады.
         20 сəуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріліп, бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
        27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл апталықта көшеттер отырғызылды жəне ағаштар əктелді.
       «Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасып, ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек берілді.
       «Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылды.
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған