Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімі және білім бөлімімен біргелікті «Зайырлы Қазақстан және Исламдағы әйел бейнесі» атты тақырыпта аудан мектептерінің 9,10,11 сыныптарында оқитын қыз балаларға 2 күндік семинар ұйымдастырылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атап айтқанда – «№10 Асыл мұра», «№11 Қажымұқан», «№13 Н.Бекежанов», «№14 Жас алаш», «№15 Мақтажан», «№17 Абай», «№18 Нұрлы таң», «№19 Шұғыла», «№25 Жаңа жол», «№23 С.Датұлы», «№12 Х.Әлімжан», «№24 А.Фирдоуси» аттарындағы ЖББМ-дерде өткізілді. Осылайша осы кездесулерге жалпы саны 700-ге жуық мектеп оқушысы қатысты.

Діни тұрғыдан маңызы ерекше осы семинарға Түркістан облысы дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог-маманы Г.Бекжан және аудандық білім бөлімінің тарих және дінтану пәнінің әдіскері – Р.Алтынбаева қатысты.

Бұл семинардың соңында қыз балалар мамандарға өздерін дін саласына қатысты мазалап жүрген сұрақтарын қойып, жан-жақты әрі анық жауаптар алды. .

ЗАЙЫРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған