03/17/2021Түркістан облысында бір адамға бір уақытта екі бірдей операция жасалды. Ерекше ота Облыстық клиникалық ауруханасының базасында жүзеге асты. Ең алдымен дәрігерлер науқасқа қолқа (аорта) аневризмасын алып орнын протезбен алмастырған. Қолқа – жүректен шығатын ірі қан тамыры. Қан тамырының жарылуы сирек кездесетін, өте қауіпті жағдай. Ал екіншісі ота бүйрек ісігіне жасалған.
Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері ауыр отаны сәтті аяқтады. Ота төрт сағат бойы алты дәрігердің қатысуымен өтті. 66 жастағы Түркістан облысының тұрғынының жағдайы өте ауыр болған. Бүгінде науқастың жағдайы орта деңгейде. Дәрігерлердің айтуынша, жүрек аневризмасы көбіне симптомсыз өтеді. Сондықтан қауіпті дерттердің қатарында. Мұндай диагноз әлемдегі 65-тен 75 жасқа дейінгі адамдардың 2 пайызында кездеседі екен.
Айта кетсек, күн сайын Облыстық клиникалық ауруханасының қызметкерлері тікелей медицина ұйымдарына телеконференция арқылы басқа клиникаларға консультациялық-емдік көмек көрсетуді жүзеге асыруда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР НАУҚАСҚА БІР МЕЗЕТТЕ ЕКІ ОТА ЖАСАДЫ